Павлодар облысында шағын кәсіп иелерінің саны артты

Павлодар облысында шағын кәсіп иелерінің саны артты
Фото: Константин Шелков

Аталмыш салада жұмыспен қамтылған бизнес саны да өсуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте өңірде 56 566 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл – өткен жылға қарағанда 2,6 пайызға артық көрсеткіш.

Өңірлік бизнес құрылымының басым бөлігін жеке кәсіпкерлер алады. Олардың саны 39 мыңға жуық. Одан кейін 11 мыңнан астам шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 5,5 мыңнан астам шаруа немесе фермер қожалығы, сондай-ақ 113 орта бизнес кәсіпорны құрайды.

Орта бизнес кәсіпорындарында  жұмысшылар саны 3,2 пайызға өсті, яғни – 139,1 мың адам. ШОБ 30 пайыздан артық 373 миллиард теңгеге артық өнім шығарды.

Айта кетейік, статистиктердің мәліметінше,  сәуірден маусымға дейінгі орташа айлық атаулы жалақы 366,9 мың теңгені құрағанын айтты.