Президент Екібастұзда температура режимін тұрақтандыруды тапсырды

Президент Екібастұзда температура режимін тұрақтандыруды тапсырды

Бұл туралы Pavlodarnews.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Еске салайық,  өткен жылдың 27 қарашасында Екібастұз жылу-электр орталығында апат орын алып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. 

28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Фото: Константин Шелков