Павлодар облысында екі көлік соқтығысты

Павлодар облысында екі көлік соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Оқиға салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтоғай ауылының маңында Атамекен - Ертіс - Русская поляна автожолында «Mercedes-Benz E 280» көлігі мен «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігі соқтығысқан.  

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тексеру жүргізуде.