Павлодарда шетелдіктер дәмханада заңсыз жұмыс істеген

Павлодарда шетелдіктер дәмханада заңсыз жұмыс істеген
Фото: Константин Шелков

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері қаладағы дәмханалардың бірінде заңсыз еңбек еткен Қырғызстан Республикасының екі азаматын анықтады.

– Шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберілді, онда сот екеуіне де 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Сонымен қатар, елдің заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқан қабылдаушы тарап та жазаға тартылды. Дәмхана иесі 100 АЕК көлемінде айыппұл салумен жауапқа тартылды, – дейді департаментте. 

Айта кету керек, жыл басынан бері Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін тек  облыста 356 шетелдік жауапқа тартылды.