Референдумда тәуелсіз бақылаушының қандай құқықтары мен өкілеттіктері бар?
Бақылаушылар үшін сайлау жәшіктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың кіруі мен шығуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы, өңірлік және жергілікті сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
– Дауыс беру күні сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап және дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде бір мезгілде әр кандидаттан немесе саяси партиядан бір сенімді адам қатысуға құқылы. Сондай-ақ, қызметтік куәлігі және редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір өкілден, әр телеарнадан үш өкілден артық емес, әрбір саяси партиядан, өзге қоғамдық бірлестіктен, Қазақстан Республикасының басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір бақылаушы қатыса алады, – деді Анастасия Щегорцова.
Референдум күні бақылаушылардың қандай құқығы бар?
Бақыулашылар дауыс беру барысын, дауыстарды санау рәсімін, нәтижелердің ресімделуін қадағалай алады. Олар тіпті, тасымалдау кезінде сайлау жәшіктерімен бірге алып жүруі мүмкін, яғни көлікте болуы және бюллетеньдерді тасымалдау кезінде дауыстардың шатасуы орын алмауын қамтамасыз етуі мүмкін. Бірақ мұнда бір нюанс бар. Егер ҮЕҰ-дан 15 адам урнаны алып жүргісі келсе, ал машина бір болса, комиссия оларды көлікпен қамтамасыз ете алмайды.
Бақылаушылардың тиісті сайлау комиссиясының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдануға, жоғары тұрған комиссияға немесе сотқа жүгінуге құқығы бар. Сондай-ақ, үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға, дауыс беруге арналған пунктте аталған барлық рәсімдерді нақты көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға құқылы.
Қазақстан Республикасының саяси партияларынан, өзге де қоғамдық бірлестіктерінен, коммерциялық емес ұйымдарынан байқаушылардың өкілеттігі оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылуы тиіс.
– Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу жолымен байқаушыны тіркеу үшін ұсынылады, – деді Анастасия Щегорцова.
Бақылаушылар үшін сайлау жәшіктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың кіруі мен шығуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі оның жұмысына қатысудан дереу шеттетіледі, ал байқаушы мен өзге де адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелді шешімі бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады.