Биыл Павлодар облысында неше бала туды?

Биыл Павлодар облысында неше бала туды?
Фото: Константин Шелков

Халықтың табиғи өсімі бір мың адамнан сәл асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста алты мыңға жуық сәби дүниеге келсе, бес мыңнан астам адам қайтыс болды. Туудың ең жоғары деңгейі Баянауыл ауданында, ал өлім-жітім Тереңкөл ауданында тіркелді.

Тоғыз айда облыста үш мыңға жуық неке қиылып, екі мыңдай отбасы ажырасқан.

Көші-қон бойынша облысқа сегіз мыңға жуық адам келген болса, облыстан кеткендер саны 13 мыңнан асты. Нәтижесінде жалпы теріс айырма шамамен 5,5 мың адам болды.

Сырттан келгендердің басым бөлігі ТМД елдерінен және Қазақстанның басқа өңірлерінен болды. Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында керісінше, қоныс аудару оң бағытта байқалды.