Жастар күні Павлодарға Ринат Малцагов келеді

Жастар күні Павлодарға  Ринат Малцагов келеді
Фото: 1show.kz/ankets

Мерекеге орай қалада бірқатар шаралар өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтарын 12 тамызда Жастар күнін тойлауға шақырады. Концерттік бағдарламаны қалалық ішкі саясат бөлімі мен «NewVisionTeam» ҚҚ ұйымдастырады.

Естай көшесінен Қайырбаев көшесіне дейінгі жағажайдың төменгі бөлігінде сағат 17.00-де көліктер көрмесі өтеді. 

Ал сағат 17:00-18:30 аралығында «Ertis Promenade» сахнасында Жайдарман өткізіледі.

Сағат 18:00-20:00 аралығында төменгі жағажайда (арка жақта) «Darmarka» болады.

Сағат  18:00-ден 22:00-ге дейін «ARBAT» көрмесі өтеді.

Мәдени іс-шаралардан бөлек, спорттық жарыстарға да қатысу мүмкіндігі болады. Естай көшесінен Қайырбаев көшесіне дейінгі спорттық алаңда гір көтеру, садақ ату, армрестлинг сынды спорттық шаралар өтеді.

Мерекелік концерт кешкі сағат 20:20-да бастау алады. Кеште қазақстандық жұлдыз, «SuperStar.KZ» жобасының финалисі, Павлодар облысының тумасы Ринат Малцагов өнер көрсетеді. Бұған қоса, павлодарлық рэп орындаушы AMAN қатысады. Концерттің шарықтау шегі  түнгі сағат 22:20-да би кешімен аяқталады.