Павлодарда экологиялық нормаларды бұзған кәсіпорынға айыппұл салынды

Павлодарда экологиялық нормаларды бұзған кәсіпорынға айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық экология департаменті «Эр Ликид Минай Тех Газы» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тексеру Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұсынған материалдар негізінде ұйымдастырылған.

2025 жылғы 13 қыркүйекте кәсіпорында шикізат компрессоры К-402-ні уақытша тоқтату бойынша жоспарлы технологиялық жұмыстар атқарылған. Осыған байланысты шикізат газы Т-001 факеліне жіберілген.

– Нәтижесінде қоршаған ортаға рұқсат етілген шекті көрсеткіштерден асып түсетін эмиссиялар шығарылғаны анықталды. Экологиялық кодекстің тиісті баптарына сәйкес, мұндай артық шығарындылар сверхнормативтік эмиссиялар болып есептеледі, – деді облыстық экология департаментінде. 

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігіне сәйкес 4 564 769 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.