Таиландта ғалымдар салмағы 30 тонна болатын алып динозаврдың сүйегін тапты
Таиландта палеонтологтар ең үлкен динозаврды анықтады. Бұл алып зауропод шамамен 113 миллион жыл бұрын өмір сүрген, ұзындығы — 27 метр, салмағы 28 тоннаға жеткен, деп хабарлайды Kazinform Reuters-ке сілтеме жасап.
Жаңа түрге Nagatitan chaiyaphumensis атауы берілді. Ол салмағы ауыр, кішкентай басы мен ұзын мойыны және құйрығы зауропод динозаврлар тобына жатады. Зауроподтар тарихтағы ең ірі құрлық жануары ретінде танылған.
Ғалымдардың бағалауы бойынша Nagatitan-тың салмағы 25-тен 28 тоннаға дейін болған. Бас сүйек пен тістері табылмағанымен, палеонтологтар оның басқа зауроподтар сияқты негізінен конустық өсімдіктер мен тұқымды папоротниктермен қоректенген деп болжайды.
Ұзындығы мен көлеміне қарамастан, Nagatitan Оңтүстік Американың алып түрлері — Аргентинозавр мен Патаготитан сияқты динозаврларға қарағанда кішкентай, олардың ұзындығы 30 метрден асқан.
Толық өлшемді Nagatitan chaiyaphumensis қалпына келтірілген нұсқасы Бангкоктағы музейге қойылған.