Түркиядағы зілзала: Қазақстанның бір азаматының денесі табылды
Отандасымыздың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz ҚР ТЖМ телергам каналына сілтеме жасап.
Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үйдің аумағында жүргізілуде. Үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады.
Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды.
Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түсуде. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.
Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.
Еске сала кетейік, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде төрт қазақстандық жоғалып кеткен. Оның біреі кеше аман табылды.