Таза Қазақстан: Жасыл ел жастары Успен ауылында балалар алаңын тазалады
Жастар шөп шауып, тұрмыстық қоқыстарды тазалап тастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл бағдарламаның мақсаты – жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға және экологиялық тәрбиеге баулу.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, экологиялық акция Гоголь көшесінің бойында орналасқан алаңда өтті.
– Осыған дейін ауылда тек екі балалар алаңы ғана болған. Бұл алаң осы жылы аудан орталығы тұрғындарының өтінішімен құрылды. Балалар бұл алаңды ұнатады, осында кешке дейін уақыттарын ойнаумен өткізуде. Ауыл тұрғындары өз күштерімен алаңның шөбін жұлып, қоқыстардан тазартып отыр. Алаңға қарама-қарсы тұратын тұрғын тіпті шөп шапқышты қолдануда. Оның айтуынша, бұл алаңда оның екі қызы ойнап жүр. Сол себепті ол балалары және ауыл халқы үшін өз пайдасын тигізгісі келеді, – дейді ұйымдастырушылар.
«Жасыл ел» жастар жасағының кураторы Артур Гичиктің айтуынша, екі маусым бойы оның қоластында 15 жасөспірімнен жұмыс істеуде. Алдыңғы маусымның басында жастар Милевский көшесіндегі жаяужолдарды тазалаған болатын.
– Ауылда 6-7 жалғыз тұратын әжелер мен тыл еңбеккерлері бар. Біз олардың үйлерінің ауласын тазалап, шөптерін жұлып, кішігірім жөндеу жұмыстарын жасап бердік. Екі балалар алаңын бояп, қалпына келтірдік. Акция аясында ауыл белсенділері және жасылелдіктер Успен саябағын толықтай жинастырып, 20 қапшық қоқыс алып шықтық. Бүгінгі таңда осы алаңды да Таза Қазақстан акциясы шеңберінде тазартып жатырмыз. Жастарға қажетті жабдықтар мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар берілді, – деп атап өтті ол.
Ауыл халқы Артур Владимировичке хабарласып, жастар жасағына алғыстарын білдіруде.