Теңге ілуден Қазақстан Ұлттық құрамасы қалай дайындалуда?

Теңге ілуден Қазақстан Ұлттық құрамасы қалай дайындалуда?

5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Теңге ілуден ұлттық құрама Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр.  

Бұл оқу-жаттығу жиынында көшпенділер ойындарына қатысатын 3 теңгеші анықталады. 

Еліміздің ең үздік теңге ілушілері 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында өз бақтарын сынайды. 5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады. 

Ойындар алдындағы соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі. 

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында өтеді.