Ең ірі көмір кенішінде футбол мен спорт сөз болды

Ең ірі көмір кенішінде футбол мен спорт сөз болды
Фото: «Богатырь көмір» ЖШС баспасөз қызметі

«Богатырь көмір» Екібастұздың кәсіби футболына неліктен басымдық бермейтінін түсіндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Осыдан шамамен 30 жыл бұрын «Богатырь» кәсіпорны Екібастұз футболына белсенді қолдау көрсетіп, сол кезеңде қаланың футбол клубы тіпті «Батыр» атауымен өнер көрсеткен. Бүгінде кәсіпорынның басымдықтары өзгерген. Қаражаттың негізгі бөлігі бұқаралық спортты дамытуға және қызметкерлер мен олардың отбасыларының денсаулығын нығайтуға бағытталып отыр.

Бұл туралы «Богатырь көмір» ЖШС бас директоры Евгений Мастернак мәлімдеді. Оның айтуынша, жылдар өте кәсіпорын басшылығы да, жұмыс бағытындағы басымдықтар да өзгерген. Сонымен қатар қазіргі уақытта футбол клубының төменгі деңгейдегі лигада өнер көрсетуі «Богатырь Комир» кәсіпорнының қазіргі басшылығына байланысты емес.

- Басымдықтар өзгерген шығар. Біз дене шынықтыру-сауықтыру кешенін қолдаймыз, оған жыл сайын қаражат саламыз, — деді Евгений Мастернак.

Қазір кәсіпорын қызметкерлер мен олардың балаларының спортпен жаппай айналысуына басымдық беріп отыр. Кәсіподақ арқылы жұмысшылар бассейндерге тұрақты барады. Сонымен қатар сауықтыру нысандарында жыл сайын күрделі жөндеу жүргізіліп, спорттық демалыстың жаңа түрлері енгізілуде.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, кәсіби спорт бұл бағытта салыстырмалы түрде тар аудиторияны қамтиды.

- Бұл бәрібір кәсіби спорт. Имидж тұрғысынан — иә. Ал біздің жұмысшыларымыздың денсаулығы тұрғысынан — олай емес шығар, — деп түсіндірді ол.

Евгений Мастернак «Богатырь көмір» үшін брендті қосымша жарнамалауға да үлкен қажеттілік жоқ екенін атап өтті. Кәсіпорын Екібастұзда онсыз да кеңінен танымал.

Екібастұз футболының басты тарихи жетістіктері – 1993 және 1998 жылдары жеңіп алынған Қазақстан Премьер-лигасындағы екі күміс медаль. Дәл осы алтын дәуірде команда қаланың аңызға айналған «Батыр» атауын алды. 2026 жылы тарихи бренд ресми түрде қалпына келтірілді, дегенмен қазіргі «Батыр» заңды түрде 1990 жылдардағы «Батырдың» мұрагері емес.