Қазақстан құрамасы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан күміс жүлдеге ие болды

Алғашқы орынды Қытай спортшылары алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді.
– Біздің спортшылар аралас командалар арасындағы сайыста екінші орынға ие болды. Бұл бағдарламада ел намысын Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қорғады, – делінген хабарламада.
Қорытынды есепте қазақстандық спортшылар 235,39 ұпай жинап, осы көрсеткіш оларға күміс медаль алып келді. Бірінші орынды Қытай иеленсе, Жапония үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Аяна Жолдас жеке жарыста үшінші орын алған болатын.