Павлодарлық әйел балаларына миллиондаған теңге қарыз болды
Ол өзінің алты баласына алимент төлемеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспсөз қызметінің мәліметінше, полицейлер іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынының орналасқан жерін анықтады, ол өзінің кәмелетке толмаған алты баласын асырауға үш миллион теңгеге жуық қарыз болды.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында 192 борышкер іздестірілді, оның 159- полиция қызметкерлері анықтап, сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушыларына тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, үш айдан астам уақыт бойы балаларды немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.