Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметі сонымен қатар жарылысқа байланысты жедел желі телефоны іске қосылғаны айтылған. Тел: 8/7292/31-90-99.
Осыған дейін Жаңаөзен қаласында газ жарылып, 11 адамның зардап шеккенін хабарладық.