Железин ауданына қарасты ауылдарда жол сапасы жаңартылды

Железин ауданына қарасты ауылдарда жол сапасы жаңартылды
Константин Шелковтың фотосы

Майлы мен Мыңкөл ауылдарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарына ыңғайлы әрі қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Майлы ауылында ұзындығы 1,1 шақырым болатын көше жолын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жолға жаңа асфальт төселуде. Жоба шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жөндеу жұмыстарын «NBS Construction» ЖШС жүргізуде. Барлық құрылыс жұмыстары қолданыстағы нормалар мен талаптарға сай орындалуда. 

Ал, Мыңкөл ауылында кіреберіс жолдар жаңартылуда. Орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдың ұзындығы – 1,4 шақырым. Бұл жобаны «DAVO» ЖШС жүзеге асыруда. Жұмыс бекітілген өндірістік кесте негізінде жүргізіліп, барлық құрылыс талаптары сақталуда.

Железин ауданы әкімдігінде екі ауылда жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, ауыл ішіндегі және ауылға кіреберіс жолдардың жағдайын жақсартуға айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.