Екібастұзда жылу беру маусымы қашан аяқталады?

Осыған байланысты ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімінің қаулысына сәйкес сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының жоғарылауына байланысты қала аумағында жылу беру маусымы 13 сәуірде аяқталады.
Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін жылу желілерінде жоспарлы сынақтар басталады.
– 14 сәуірде магистральдік жылу желілерін жылу тасымалдағыштың ең жоғары есептік температурасына сынау жүргізіледі. 17-20 сәуір аралығында магистральдік және орамішілік жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар өткізіледі, – дейді Екібастұз қаласының әкімдігінде.
Барлық сынақтар аяқталып, жылу желілеріне қосылған тұрғын үйлерде ақаулар болмаса, ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі. Ал анықталған жағдайда ең алдымен ақаулар жойылып, содан соң үйлер ыстық сумен жабдықтауға қосылады.
Тұрғындардан сынақ жүргізу кезеңінде абай болуды сұрайды, жылу магистральдарында ақаулар анықталған жағдайда жылу желілерінің диспетчерлік қызметіне 280-901, 280-900, 87017054957Whats‘app нөмірі арқылы хабарласуға болады.