Қазақстан құрылысшылары одағы Павлодардың нүктелік салынуына қарсы

Қазақстан құрылысшылары одағы Павлодардың нүктелік салынуына қарсы
Фото: автор

Осы орайда павлодарлықтарға жаңа Қала құрылысы кодексі көмекке келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаңа заң жобасы туралы негізгі ақпаратты Қазақстан құрылысшылар одағы төрайымының орынбасары Валерий Лакисов жеткізді. «Атамекен» ҰКП облыстық филиалында өткен кездесуде ол жаңа кодекстің бірінші кезекте қарапайым тұрғындардың, одан кейін ғана бизнес пен мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталғанын айтты. 

Валерий Лакисов елді мекендердегі барлық бос орындарды ретсіз құрылыс алаңдарына айналдыратын жауапсыз кәсіпкерлерге қатысты Қазақстан құрылысшылар одағы позициясын жеткізді.

- Біз көлеңкелі бизнеске қарсымыз. Барлық мердігерлер бизнесті ақ жүргізудің тиімділігін ұғынып, соған жағдай жасамақпыз. Қала құрылысы жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс. Мысалы, мөлтек аудандардың өзіндік қолтаңбасы және қажетті инфрақұрылымы болуы тиіс: онда мектеп, балабақша, дүкен, емхана және басқа объектілер болуы шарт, - дейді Валерий Лакисов.

Қазіргі кезде Қала құрылысы кодексі ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында. Жобасы құрылысшылардың көптеген наразылығын білдірді. Біріншіден, оны әзірлеуге жұмсалған 382 миллион теңге талан-таражға салынып, құжат шикі болып шыққан. Оған әлі көптеген толықтырулар енгізілуі тиіс, деп санайды мамандар.

«Атамекен» ҰКП облыстық филиалының директоры Ерқанат Әбенов, өз кезегінде, Қазақстан құрылысшылар одағына барынша қолдау білдіріп, аталмыш құжатты талқылау үшін Палата алаңын беруге қашанда әзір екендігін айтты.