Жыл басынан Павлодар облысында алты мыңға жуық ауыл шаруашылығы өнім сатылды

Жыл басынан Павлодар облысында алты мыңға жуық ауыл шаруашылығы өнім сатылды
Фото: Валерий Бугаев

Әр демалыс күндері тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелер өткізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Павлодар қаласын аралады. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы демалыс күндері мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін «JAILAU» фермерлік базарына барды. Жалпы, жыл басынан бері бұл алаңда 4,8 миллиард теңгеге 5,7 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды.

Осы сенбі күні Ақтоғай, Ертіс, Железин, Павлодар, Успен, Шарбақты, Аққулы және Тереңкөл аудандары, сондай-ақ Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің, көкөністер мен жұмыртқа өнімдерінің кең ассортименті ұсынылды. Атап айтқанда, сиыр еті мен жылқы еті 2 900 теңгеден, қой еті 2 700 теңгеден сатылды. Шикі сүттің литрі 250 теңге, балықтың бағасы 1500-3500 тг/кг, жұмыртқаның ондығы 473 теңге болды.

Асайын Байханов мұндай сауда алаңдарының бағаны тұрақтандыру мен жергілікті өндірушілерді қолдаудағы маңызын атап өтті.

– Бағалардың қолжетімді, өнімнің сапалы әрі жергілікті өндірістен екенін көріп отырмыз. Мұндай жәрмеңкелер халықты да, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін де қолдаудың маңызды құралы болып табылады және тұрақты түрде өткізілуі тиіс, – деді аймақ басшысы.

Қала тұрғындары жаңа жылдық дастарқанға шұжық өнімдерін 800-4000 тг/кг, ірімшікті 1500-4000 тг/кг, сары майды 3000-6500 тг/кг, балды 2500-3000 тг/кг аралығында сатып ала алды.

Көкөніс өнімдері де қолжетімді бағамен сатылды: картоп - 120 теңге, қырыққабат - 130 теңге, сәбіз - 110 теңге, қызылша мен пияздың бір келісі - 130 теңге. Қияр 980 теңгеден, қызанақ 925 теңгеден сатылды. Күнбағыс майының литрі 850 теңге, қарақұмық жармасының бір келісі 250 теңге болды.