Былтыр Қазақстан алтын өндіретін көшбасшы елдер қатарына кірді
АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) 2023 жылы алтын өндіру туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Әлемдік көшбасшылардың үштігіне Қытай, Австралия және Ресей кірді. Қазақстан рейтингіде алтыншы орында тұр.
USGS мәліметтері бойынша, әлемдік алтын өндірісі 2023 жылы 3 мың тонна болды. Қор көлемі 59 мың тоннаға бағаланады.
Алтын өндіруде Қытай (370 тонна), Аустралия (310 тонна) және Ресей (310 тонна) көшбасшы болды. Қазақстан өндіру көлемі 130 тонна болатын алтыншы орында, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15 тоннаға артық.
Сонымен, алтын өндіретін үздік ТОП-10 ел:
Қытай (370 тонна);
Аустралия (310 тонна);
Ресей (310 тонна);
Канада (200 тонна);
АҚШ (170 тонна);
Қазақстан (130 тонна);
Мексика (120 тонна);
Индонезия (110 тонна);
Оңтүстік Африка (100 тонна);
Өзбекстан (100 тонна).
Айта кетсек, Қазақстан алтын сатып алу бойынша әлемде үшінші орында тұр.