Қарулы қақтығысқа қатысқан павлодарлық тұрғын бас бостандығынан айырылды

Сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылғы ақпанда Павлодар қаласының тұрғыны ҚР ҚК-нің 172-бабы бойынша Қазақстаннан тыс жерлерде қарулы қақтығысқа қасақана заңсыз қатысқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұл ретте жалдамалылық, оның ішінде жалдамалыларды тарту, оқыту, қаржыландыру немесе басқа да материалдық қамтамасыз ету ҚР ҚК-нің 170-бабы 1-бөлігіне сәйкес мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғады.
Осыған байланысты Павлодар облысының прокуратурасы азаматтар мен заңды тұлғаларды заңнаманы қатаң сақтауға және аталған немесе басқа да заңға қайшы әрекеттерге қатысудан бас тартуға шақырады.