Павлодарда жаңа түтін мұржасы іске қосылады

Павлодарда жаңа түтін мұржасы іске қосылады
Фото: 3 жылу-электр орталығының қоғаммен байланысу бөлімі

Бұл мұржа арқылы станция үздіксіз жұмыс істейді, хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Үшінші жылу-электр орталығының екінші түтін мұржасының құрылысы аяқталды. Жаңа мұржа бірінші мұржаның күрделі жөндеуден өтуіне және жабдықтардың тозу деңгейін төмендетуіне жағдай жасайды.

– 2-мұржаның арқасында станция үздіксіз жұмыс істейтін болады.  Сәйкесінше бұл қаланың  энергетикалық жүйесін электрмен жабдықтау жолын арттырады. Жалпы құбырдың құрылысы үш айға жуық уақыт алды, – дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель. 

2023 жылдың 4 қазанында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3 жылу-электр орталығындағы екінші мұржаның темірбетон оқпанының құрылысы аяқталды. Газ құбырлары бар жаңа темірбетон құбырын іске қосу №5 және 6 қазандық агрегаттарын жобалық жұмыс схемасына ауыстыруға мүмкіндік берді.

2018 жылы инвестициялық бағдарлама аясында 92,3 миллион теңгеге темірбетон құбырының іргетасы дайындалды. Темірбетон оқпанының құрылысы 2022 жылдың 27 маусымында басталды. Құбыр шахтасының құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құны ҚҚС есебімен 2,5 миллиард  теңгені құрады.

Айта кету керек, осыдан тура 50 жыл бұрын, 1972 жылы 2 қазанда үшінші жылу-электр орталғында бірінші қазандық пен бірінші турбоагрегат іске қосылған болатын. Жарты ғасырдан бері станция бір мұржамен жұмыс істеп келген.