Павлодарда шетелдік аспаздың көмекшісі жазаланды
Жыл басынан бері облыс орталығында 50-ден астам шетелдік азамат жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық көші-қон қызметі Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз қала мекемесінің бірінде аспаздың көмекшісі ретінде жұмыс істегенін анықтады.
– Шетелдік азаматқа қатысты ӘҚБтК 517-бабының 4 және 5-бөлімдері бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жіберілді. Сонымен қатар, жұмыс берушіге қатысты жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік азаматты жұмысқа алғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – дейді департаментте.
Естеріңізге сала кетейік, бұл құқық бұзушылық «Заңсыз келуші-2023» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталған. Тек облыс орталығында ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 56 шетелдік азамат анықталды.