Қазақстан арнайы жасақтары әлемдік күш құрылымдарына қарсы сайысады
Әлемнің арнайы жасақ командалары арасындағы халықаралық жарыс Дубайда өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 49 елдің күш құрылымдары тактикалық шеберлік, дәлдік және командалық жұмысты бес қиын сынақ арқылы тексереді: шабуылдық, тактикалық, құтқару операциясы, кепілдерді босату, кедергілер жолынан өту.
Жарысқа «Сұңқар», «Арлан», «Бүркіт» арнайы жасақтары және полиция, ұлттық гвардия, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік күзет қызметінің тез әрекет ететін арнайы жасақ командалары қатысуда.
– Бұл жарыс біздің еліміз үшін «Томирис» тез әрекет ететін арнайы жасақ әйелдер командасының дебюті болып табылады, бұл Қазақстанның құқық қорғау органдарының жоғары дайындық деңгейін көрсетеді, – деп атап өтті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ұлттық гвардияның «Бүркіт Б» арнайы жасағының командирі Нұрсұлтан Жүсіповтың айтуынша, жауынгерлер бұл сынаққа дайындықты күшейтіп өткізген.
– Біздің мақсатымыз – команда мүшелерінің физикалық дайындықтары мен дағдыларын көрсету, сондай-ақ тапсырмаға деген назар, жоспарлаудың дәлдігі және тәртіптілік. Біз жарыстарда бірінші орын алуды және Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын арттыруды көздейміз, – деп атап өтті арнайы жасақ жауынгері.
Үш күндік жарыс нәтижелері бойынша турнир кестесін ҚР ІІМ «Сұңқар» жасағы бастап тұр, екінші орында Қытайдың арнайы жасағы, ал үшінші орында ұлттық гвардияның «Бүркіт Б» командасы орналасқан.