Павлодар облысының экс-басшысы Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Ол бір жыл бұрын Алматы облысын басқарған еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Қанат Бозымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Қанат Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласында туған. Ол 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультетін тәмамдаған.
Жұмыс тәжірибесі:
1993 жылғы шілдеден 1997 жылғы қыркүйек аралығында Мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындарда қызмет атқарған.
1997 жылғы қыркүйектен 1997 жылғы қараша аралығында - ҚР Экономика және сауда министрлігі, өңірлік саясат бөлімінің бастығы.
1997 жылғы қарашадан 1998 жылғы қыркүйек арасында «ҚазТрансОйл» ЖАҚ Ұлттық мұнай тасымалдау жөніндегі компаниясы қаржылық-жиынтық департаментінің бастығы, экономика мәселелері жөніндегі вице-президенті.
1998 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейін - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, мұнай және газ департаментінің директоры, вице-министрі.
2001 жылғы ақпаннан 2001 жылғы мамырға дейін - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» ААҚ-ың Бірінші вице-президенті.
2001 жылдың мамырынан 2007 жылғы тамызға дейін - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ың Президенті.
2007 жылғы тамыз бен 2008 жылғы қазан арасында - «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ-тың басқарма төрағасы.
2008 жылғы қазаннан бастап «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ың президенті қызметін атқарды.
2009 жылғы 30 қарашадан бастап Жамбыл облысының әкімі.
2013 жылғы 20 желтоқсан – Павлодар облысының әкімі.
2016 жылғы 25 наурыз Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.
2019 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2021 жылдың 24 қарашасынан бастап Алматы облысының әкімі. Ал 2022 жылдың 11 маусымында аталған қызметтен босатылған болатын.