Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Еуропа кубогінде үздік бестікке енді

Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Еуропа кубогінде үздік бестікке енді
Фото: Константин Шелков

Бұл додада 20-ға жуық елдің спортшылары боз кілемде белбесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан жастар құрамасы Португалияның Анадия қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогінде бақ сынады. Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, аталған жарыста қазақстандық жас татами шеберлері 1 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдеге ие болды.

Нақтырақ айтқанда, Талғат Орынбасар (60 кг) чемпион атанса, Азат Күмісбай (81 кг), Нұржан Бисенов (90 кг), Дінасыл Тәттімбек (-100 кг) және Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) күміс жүлдемен марапатталды. Оған қоса Алдияр Қарғұлов (60 кг), Глеб Азаров (81 кг), Асқар Біржанов (90 кг) және Нұрайлым Сәрсенбек (52 кг) үздік үштікке кірді.

Еуропа кубогі қорытындысында Қазақстан жастар құрамасы жалпы медаль кестесінде 17 ел ішінде 5-орынға тұрақтады.