4 наурызда Павлодар облысында боран соғады

4 наурызда Павлодар облысында боран соғады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде қар жауып, дауыл болады. Түнде -8...-13°C, ал күндіз -2...-7°C суық күтіледі.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -10...-12°C, ал күндіз -3...-5°C-ты көрсетеді. Қар жауып, боран соғатын болады.