Қазақстандық палуан Парижден үшінші жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық палуан Парижден үшінші жүлдеге қол жеткізді
Фото: olympickz

Ол қолаға таласта жеңісті қолдан берген жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Францияның Париж қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік олимпиададан қуанышты хабар келіп жетті. Ерлер арасында дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды. 

Жартылай финалда спортшы бразилиялық Валлиан Лимадан қосымша уақытта ұтылып, есесін жіберді. Алайда қола жүлдеге таласта сербиялық Страхиня Бунчичпен кездесіп, басымдылық көрсетіп, жеңісті қолдан берген жоқ. 

Еске сала кетейік, 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен дзюдошы Елдос Сметов елге алтын жүлде сыйлап, көзіне жас алған еді. Спортшыға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев хабарласып, жеке құттықтады.