Былтыр 10 млн тоннадан астам астық теміржол көлігімен тасымалданды

Былтыр 10 млн тоннадан астам астық теміржол көлігімен тасымалданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Иранға астық тиеу екі есеге ұлғайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдаудың жалпы көлемі 10,6 млн тоннаны құрады. Ішкі тасымалдар 13% артып, 2,5 млн тоннадан асты, ал экспорт 8,1 млн тоннаны құрады. Өткен жылы астық тасымалы Орталық Азия елдеріне: Тәжікстанға — 20%, Қырғызстанға — 92%, Әзірбайжанға 86% өсті. 

Ұнтақ өнімдерін тасымалдау да оң динамиканы көрсетті. 2024 жылы тасымалдау көлемі 3,2 млн тоннаны құраса, бұл — 2023 жылмен салыстырғанда 2%  артық. Ұнтақ өнімдерінің экспорты 3% артып, 2,3 млн тоннаға жетті. Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріне ұнтақ өнімдерінің экспорты өсуде, мұнда 4%, 5% және 41%  айтарлықтай өсім байқалуда. Қытай қазақстандық ұнтақ өнімдерінің импортын 34% арттырды.

 ҚТЖ жеткізудің барлық кезеңдерін бақылай отырып, астық және ұнтақ өнімдерін тасымалдау логистикасын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Астық және ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау ерекше бақылауда. Тасымалдардың үздіксіздігін және уақытылығын бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуде тасымалдауды үйлестіру үшін жедел астық штабы күнделікті жұмыс істейді.