Павлодарлықтар жағажай футболдан ел кубогын жеңіп алды

Павлодарлықтар жағажай футболдан ел кубогын жеңіп алды

Облыс орталығында жағажай футболынан Қазақстан Республикасының Кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Республикалық кубок үшін талас орталық жағалауда өтті. 

– Жанкүйерлер мен демалушылар матчтан үлкен әсер алды, – деп жазды  облыстық футбол федерациясының өкілдері ресми Instagram парақшасында.– Турнирдің бас жүлдесін еліміздің ең атақты клубы павлодарлық «Арман» жеңіп алды.

Ал күміс «Арман-2» жас командасына бұйырды. Өз кезегінде Жетісу облысының «Малайсары» командасы қола жүлдеге ие болды.

Ойын нәтижесі бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталды:

Үздік қорғаушы – Денис Гулый(Арман 2)

Үздік қақпашы – Всеволод Гаврилов (Арман)

Үздік бомбардир – Баянбек Муралинов (Арман)

Үздік ойыншы – Самат Ысқақов (Малайсары)