Қытай 6G технологиясын дамытуды жеделдетеді

Қытай 6G технологиясын дамытуды жеделдетеді
Фото: pexels.com

ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі 6G технологиясын дамыту мен инновациясын жеделдету шаралары туралы жариялады, деп хабарлайды @Kazinform  Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Министрлік даму мақсаттарын анықтау, технологиялық зерттеулер мен әзірлемелерді және жаһандық ынтымақтастықты ілгерілету үшін тиісті ведомстволармен ынтымақтастық жүргізуде, деп хабарлады ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрінің орынбасары Чжан Юньмин.

Ол саяси қолдау шаралары аясында ведомство IMT-2030 /6G/ ілгерілету тобын құруға үлес қосқанын және 5G және 6G жүйелері үшін 6 ГГц жиілік диапазонын бөлгенін қосып өтті.

Шенеуніктің айтуынша, келесі кезеңдерде министрлік 6G қолдану негіздерін нығайтып, 6G сенімді экожүйесін дамыту үшін секторішілік ынтымақтастықты дамытады және 6G-дің халықаралық бірыңғай стандарттарын дамытуға жәрдемдеседі.