Ірі инвестор Мойылды ауылының балаларын қуантты
Ата-аналар ойыншықтар дүкенінен сыйлықтарды тегін алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жаңа жыл қарсаңында «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС «Мандарин» акциясын өткізді. Компания директоры Арман Бейсембиновтың айтуынша, мұндай қайырымдылық науқаны дәстүрге айналып кеткен.
– Биыл біз Мойылды ауылының балаларына көңіл бөлуді ұйғардық, өйткені қалалық компаниялардың басым бөлігі облыс орталықтарындағы балаларға көмек көрсетіп тұрады. Алайда осындай ауылдар назардан тыс қалып қояды. Бұл дұрыс емес,– дейді Арман Бейсембинов. – Ең біріншіден ақпаратты іздестіріп, әкімдіктен сұрастырып, Мойылды ауылында көп қандас тұратынын білдік. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе бір ғана ата-анасы, қамқоршылары бар отбасыларды тауып, сыйлық тарту етуге ниеттендік.
Компания басшысы бір күнге Аяз атаның кейпінде Мойылды ауылының балаларына тәтті, сонымен қатар пайдалы сыйлықтар берді. Отыз үш бала «Детский мир» дүкеніне жиырма мың теңгеге сертификат алды. Мысалы, 10 жастағы Ислам Қайролла Жаңа жылға не қалайтынын біледі.
– Мен өзіме компьютерлік тышқан, телефонның сырты, қонжық және футболка сатып алар едім. Мектепте оқу үлгерімім жақсы, сондықтан сыйлықтарға лайық деп санаймын, – деп бөлісті бала. – Баршаға көңіл-күй мен жаңа жылдық вайб тілеймін.
Ал жеті баланың анасы Гүлжанат Абайленова жақын арада мерекеге кәмпит сатып алғысы келетінін айтты, бірақ сыйлықтарды көріп, қатты қуанып кетті.
–Менің кіші балам бір жарым жаста, ал үлкені он сегізге келді. Осындай сыйлықтарды алғаш рет алып жатырмыз, – деді Гүлжанат Абайленова. – Балалар мектептен түрлі дипломдармен оралғанда менен ойыншықтар мен кәмпиттер сұрайды, енді осы сертификаттарға не алуға болатынын таңдаймыз.
Әсел Мырзағожина үш ұл тәрбиелеп отыр. Оның үлкен ұлы Елдос туғаннан гидроцефалиямен өмір сүреді.
– Жаңа жылға балалармен бірге Аяз Атаға хат жаздық. Бізді ұмытпай, көңіл бөліп жатқанына ризамын,– дейді Әсел Мырзағожина.
Айта кетейік, «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» компаниясының қызметкерлері осындай қайырымдылық идеясын бірауыздан қолдады.
– Ұжымдағы барлық адамдар мұндай идеяны қуана қолдады. «Мандарин» корпоративтік қайырымдылық акциясы бойынша тәжірибеміз бар. Аталмыш науқан бізге бас кеңсе – Solidcore Eurasia-дан жетті. Өткен жылы облыс орталығынан балаларға сыйлықтар берілді,– деді Арман Бейсембинов. – Бұл біздің үлкен әлеуметтік бағдарламамыздың аз ғана бөлігі, ол қызметкерлерге де, жалпы аймақтарға да бағытталған. Сондықтан бұл- тек бастамасы ғана. Келесі жылы бізде осындай акциялар көп болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» (ЕММК) – облыста іске асырылып жатқан инвестициялық жоба. Жоба шикізатты өңдеудің ең экологиялық қауіпсіз технологиясын қолданатын Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын.
Жарнамалық материал