Қандастарды қабылдауға арналған өңірлік квота көбірек бөлінеді
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасының көлемі өзгеруі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрықта жазылғандай, қандастар мен қоныс аударушыларға арналған квота былай өзгереді:
- қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квота саны 2 287 адам (бұрын 1 925 адам);
- қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квота саны 6 592 адам (бұрын 6 727 адам).
«Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты – жергілікті атқарушы органдарының қажеттілігіне байланысты қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын қайта бөлу. Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды», - деп түсіндірме берілген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің бұйрық-жобасына.
Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.
Қоса кетсек, 16 тамыздағы жағдайға сәйкес, қандастарды қабылдау квотасы 87%-ға, қоныс аударушыларды қабылдау бойынша 58%-ға орындалды.