Қазақстан және Павлодар спортының аңызы дүниеден озды

Қазақстан және Павлодар спортының аңызы дүниеден озды
Фото: @sport_basqarmasy_pvl

Ол өңірде бокстың дамуына зор үлес қосып, 60 жылдан астам уақыт бапкерлік етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар мен Қазақстан спортының ардақты азаматы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Вахитов Рафаэль Гайсич өмірден өтті.

Бапкер Вахитовтың есімі Ертістің Павлодар өңіріндегі спорт сүйер қауымға өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жақсы таныс. Ол біздің облыстағы бокстың дамуына зор үлес қосты. Р. Вахитовтың еңбегінің нәтижесінде кеңес заманында павлодарлық боксшылар туралы алғаш рет айтыла бастады, ол республика чемпиондарының бірнеше буынын дайындап шығарған еді. Марқұм Рафаэль Гайсичтің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Рафаэль Вахитов республикалық, бүкілодақтық және халықаралық деңгейдегі 20-дан астам чемпиондар мен жүлдегерлерді, екі Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін және 30-дан астам спорт шеберін тәрбиеледі. 1980 жылы ол «Боксерские перчатки» балалар-жасөспірімдер спорт клубын құрды.

Сондай-ақ, Рафаэль Гайсич Тың еңбеккері және ұзақ жылдар бойы еңбек еткені үшін 2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры атағын алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @sport_baskarmasy_pvl