Павлодарда сотталғандарды бауырсақ және наурыз көжемен қарсы алды
Мұндай іс-шара жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, пробация қызметінде тіркеуге келген сотталғандарды Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ыстық бауырсақ және көжемен қарсы алды.
– Тіркеу күні сотталғандар мінез-құлықтары жайлы есеп беруге келеді және олармен пробация инспекторы профилактикалық әңгіме өткізеді. Бұл жолы осындай ерекше тіркеу өткізуді шештік. Олардың кейбіреулері балаларымен бірге келеді. Мұндай ерекше қарсы алғанымызға қуанып қалды. Мұның барлығы олардың әлемге және басқаларға деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін жасалады, – дейді Павлодар қаласының пробация қызметінің бастығы Серік Бөлекпаев.
Айта кетерлігі, жыл сайын ұйымдастырылатын мұндай іс-шара сотталғандар үшін оң әсер етеді.