Қазақстанда мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 8:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Аталған уақыт аралығында келесі сервистер уақытша қолжетімсіз болады:

  • eGov.kz және eGov mobile (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» бөлімі);
  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет сервистері;
  • ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО);
  • eGov арқылы біріктірілген банктер мен басқа да жүйелердегі мемлекеттік қызметтер.

Пайдаланушыларға маңызды операцияларды алдын ала орындау ұсынылады.