Мемлекет басшысы соғыс ардагерлеріне тағзым етті
Қасым-Жомарт Тоқаев жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерін атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– 9 мамырда жерімізде бейбітшілік пен тыныштық үшін жанын қиып, майдан даласынан оралмаған боздақтардың рухына бас иеміз. Біз ардагерлерге – майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет пен алғыс айтамыз, – дейді мемлекет басшысы.
Қазақстан ортақ Жеңіске, жер бетінде әділдік пен бостандық салтанат құруына орасан зор үлес қосты. Отандастарымыздың Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жауынгерлік және еңбек ерліктері өскелең ұрпақ үшін керемет ерлік пен шынайы патриотизмнің үлгісі болып табылады.
Елбасы Қазақстан халқы халқымыздың ұлдары мен қыздарын мәңгі есте сақтап, құрметтейтінін, олардың жанкештілігі мен ерлігінің арқасында бүгінде біз өмір сүріп, еңбек етіп, балаларды тәрбиелеп, болашаққа жоспар құрып, жүзеге асыра алатынымызды атап өтті.
– Ардагерлерімізге тағзым! Барша отандастарымызға денсаулық және амандық! Осы ұлы күн бейбітшілікті қорғау мен нығайтудың қаншалықты маңызды екенін әрқайсымызға еске салсын! Жеңіс күні құтты болсын!», - деді мемлекет басшысы Қазақстан халқын құттықтады.