Қазақстандық прокурорлардың соттағы сөзін жасанды интеллект дайындайды

Қазақстандық прокурорлардың соттағы сөзін жасанды интеллект дайындайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы Бас прокуратураның алқасында Берік Асылов айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Прокуратураның басымдық берілетін бағыттарының бірі – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің әлеуетін арттыру.

Аталған Комитет жаңа цифрлы және инновациялық технологияларды енгізу, жасанды интеллекті қолдану бойынша үлкен жұмыстар жасауда. Прокурордың соттағы сөзін дайындау үшін жасанды интеллект технологиясын қолданатын инновациялық модуль әзірленді, – дейді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз орталығында.

Бас прокурордың айтуынша, қылмыстық және әкімшілік сот өндірістері, тексерулер тағайындау, азаматтардың өтініштерін тіркеу цифрландырылды. 

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі, Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, «Талдау орталығы», «Құқық қорғау, арнайы және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйесі» және «Қадағалау» бірыңғай апараттық-талдау жүйесі жасалып, жұмыс істеуде, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ведомствода жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мемлекетке 315 миллиард теңге қайтарылып, заңсыз қолды болып кеткен 513 мың гектар жер телімдері алынып қойылғанын мәлімдеді. Алғаш рет сот 5,5 миллиард теңге тұратын пайда болуы түсініксіз байлық туралы және құны 400 миллион зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтар жөніндегі Комитеттің талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды.