Қытайда әлемдегі ең биік көпір салынып жатыр

Қытайда әлемдегі ең биік көпір салынып жатыр
Фото: pexels.com

Аспалы көпірдің құрылысы 2022 жылы басталды, деп хабарлайды @Kazinform.kz «Халық газеті» басылымына сілтеме жасай отырып.

4 қарашада салынып жатқан әлемдегі ең биік көпір Гуйчжоудағы Хуацзян шатқалы көпірінің құрылысында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді.

Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, кабельдік кран салмағы шамамен 215 тонна болатын алғашқы болат ферманы (конструкцияны - авт.) белгіленген жерге дәл орналастырып, көпірдің келесі жылы ашылуы мен пайдаланылуына негіз қалап, жаңа кезеңге өтті.

Құрылысы 2022 жылы басталған Хуацзян шатқалының көпірі «жер шарының жыртығы» деп аталатын Хуацзян атты үлкен шатқалға салынып жатқанымен әйгілі. Бұл – Гуйчжоу өлкесіндегі Лючжи-Анлун тасжолының басқарылатын жобасы.

«Ұзындығы 2 890 метрлік көпір – су бетінен тік биіктігі 625 метр болатын аспалы көпір. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол әлемдегі ең биік көпірге айналады», – деп жазады «Халық газеті».