Қызбен таныспақ болған павлодарлық көршілердің мазасын алды

Қызбен таныспақ болған павлодарлық көршілердің мазасын алды
Фото: pexels.com / RDNE Stock project

Ол түнгі тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт түнде қыздың есігін қағып, танысуға тырысқан. Қатты тарсыл мен дауыстар үй тұрғындарын оятып жіберді. Көршілер 102 нөміріне қоңырау шалып, тәртіп сақшыларын шақырған. Тағы бір жағдайда көршілер тарапынан шу туралы басқа шағым да түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер екі адам арасында ауызша жанжал болғанын, олардың бірінің мас күйде жүргенін анықтады.

– Барлық құқық бұзушылар тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ренат Шәріпов.

Айта кетейік, биыл Павлодар қаласында тыныштықты бұзғаны үшін 2874 азамат әкімшілік жауапқа тартылған. Полиция қызметкерлері заңға сәйкес жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін тыныштықты бұзуға болмайтынын еске салады.