Павлодарда монша жанды

Павлодарда монша жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтар күні сағат 23.19-да Астана көшесіндегі ғимарат жанғаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дереу моншаны сөндіруге кірісті, 25 шаршы метр алаңда ағаш құрылысы мен қабырға қаптамалары, моншаның төбесі жанғаны анықталды.  Тілсіз жау сағат 00.33-те толықтай жойылды, – деді департаментте. 

Ғимараттан, оның ішінде мейрамханадан 13 адам өз бетінше эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

ТЖД күштері мен құралдарынан 32 қызметкер және жеті техника жұмылдырылды.

Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.