Әулеттің еңбек өтілі – 150 жыл: Шарбақтылық табиғатпен тілдескен орманшы әйел

Әулеттің еңбек өтілі – 150 жыл: Шарбақтылық табиғатпен тілдескен орманшы әйел
Фото: «Ертіс орманы» резерваты ұсынды

Гүлназира Ноке бұл мамандықты саналы түрде таңдаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Орманшылар әулетінің жалпы еңбек өтілі бір жарым ғасырды құраса, Гүлназира Ноке 20 жылдан астам табиғатты қорғап келеді. 2019 жылдан бері «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Жерді алаң орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспекторы қызметін атқаруда.

Бүгінде Шарбақты ауданының Шошқалы ауылында 10-ға жуық аула қалса да, жергілікті тұрғындар табиғатты аялауға бар күшін салуда. Осындай жанашыр жандардың арқасында «Ертіс орманы» резерватының жасыл желегі болашақ ұрпаққа аманат болып қалады.

Мен осы жерде дүниеге келдім, білім алдым. 5-сыныптан бастап  арамшөпті отауға баратынмын, орман дақылдарына күтім жасайтын едік. Атам,  ата-анам, ағаларым да орманшы болған. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 150 жыл, бір жарым ғасыр, – дейді ол.

Гүлназира Ноке бала кезінде әкесімен бірге орман шаруашылығына барып, табиғатқа жақын болып өскен. Сондықтан бастауыш сыныптан шебердің кейбір жұмыстарын жақсы меңгерген.  

«Орман шаруашылығы – әйел адамға арналмаған кәсіп» деген пікірді жиі естиміз. Алайда бұл – қате түсінік. Орманшылар әулетінің өкілі ретінде ол бұл мамандықты саналы түрде таңдадым, – дейді Гүлназира Ноке.

Орманшы  Бурабай ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. 2003 жылы маусымдық жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Зауыт орманшылығында от жағушы болып жұмыс істеген.  

–  Орман – адамға күш-қуат беретін қасиетті мекен. Оны аялау – біздің басты міндетіміз, – дейді ол.

Гүлназира Нокенің қарамағында 7140 гектар, алты орманшы бар.  12-13  кварталдан тұратын алты алаңды тексереді.