10 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

10 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жел секундына 5-18 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде ауа температурасы -3...+2°C болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасы -3...+2°C шамасында болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0...+2°C болады. Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Күндіз де ауа температурасы 0...+2°C шамасында сақталады. Аспан бұлтты болып, қар аралас жаңбыр жауады.