Павлодарда депутаттық фракцияның жетекшісі сайланды

Павлодарда депутаттық фракцияның жетекшісі сайланды

Бүгін «AMANAT» партиясының жаңадан сайланған VIII шақырылымдағы депуттаттық фракциясының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының мәлімдеуінше, күн тәртібінде депуттатық фракцияның жетекшісі, оның орынбасары лауазымдарына жауапты тұлғалар сайланды.

Сондай-ақ, отырыста «Халықпен бірге» партиялық жобасының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық Жол карта индикаторлары және 2023 жылғы сайлау кезеңі барысында түскен ұсыныстар мен талап-тілектерді депуттар арасында бекітіліп, VIII сайланған облыстық мәслихаттың екінші кезектен тыс сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Депуттаттық фракцияның отырысына облыстық партияның және мәслихаттың төрағасы Илья Теренченко, облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Айгүл Маликова қатысты.

Илья Теренченко өз сөзінде VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатындағы партияның депутаттық фракциясы жұмысын қорытындылап, әріптестеріне алғысын білдірді.

- 7 шақыру тек 2 жыл жұмыс істегеніне қарамастан, сайлауалды бағдарлама ішінара орындалды. Барлығы 39 фракция отырысы өткізіліп, 101 мәселе қаралды, оның 47-сі өңірлік Жол картасын орындау бойынша. Біз сондай-ақ 3 сайлау кезеңінен өттік. VIII шақырылымдағы әріптестеріме партияның жаңа басшылығымен бірге алға қойған міндеттерді орындауда сәттілік тілеймін, - деді ол сөзінде.

Аманаттықтар фракция жетекшісі лауазымына Қанат Сатабаевты, оның орынбасары ретінде Света Абдраманованы сайлады.
Облыстық филиалдың атқарушы хатшысы жаңадан тағайындалған фракция жетекшілерін құттықтап, оларға зор жауапкершілік артылғанын айтты.

- Ең алдымен электоралдық кезеңде сайлаушылардан жиналған талап-тілектер мен ұсыныстарды және сайлауалды бағдарламаның орындалуын жүзеге асыру біздің басты міндетіміз. Екіншіден, сайлау алдында халыққа берген уәделеріңіз бар. Оны да орындауға міндеттіміз. Осыған орай облыстық бағдарламаны іске асырудың Жол картасының әр тармағына жауапты депутат бекітілуде. Бұл жұмысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері белсенді қатысуы керек. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыла еңбектенсек қана өз мақсатымызға жетеміз, - деді Айгүл Маликова.

Айта кету керек, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының құрамы 70%-ға жаңарды.