«Көрісу күні» аясында павлодарлық суретші жастармен кездеседі
Шара Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Көрісу күніне» орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар облыстық Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстан Республикасы көркемсурет академиясының академигі Өсербай Шорановтың шығармашылық кездесу кеші өтеді
— Кездесу жас ұрпаққа «Амал» мерекесінің терең тарихи мәнін түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және бейнелеу өнері арқылы оқушылар бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етеді, - делінген хабарламада.
«Көрісу күні» – тек амандық сұрасу ғана емес, бұл - бауырластық пен бірліктің, ізеттілік пен рухани жаңарудың нышаны. Кездесу барысында көрнекті тұлға өзінің ғибратты өмір жолы мен шығармашылық белестері туралы әңгімелеп, оқушылармен еркін сұхбат құрады.
Бұл жүздесу оқушылардың мәдени танымын кеңейтіп, ұлттық өнердің маңыздылығын ұғынуына жол ашары хақ. Мерекелік іс-шара өнер мен дәстүр тоғысқан, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін мағыналы кеш болмақ.
Кездесу 13 наурыз күні сағат 15:00-де Н. Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өтеді.