11 қарашада Павлодар облысында аздаған жауын-шашын болады
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -2...-7 градус аралығында болады. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы -1...+4 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -4...-6 градус болады. Аспанды бұлт аралап, жауын-шашын болмайды. Тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы +1...+3 градусқа дейін жетеді. Аспан құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман сақталады.