13 қазанда Павлодар облысында тұман күтіледі

13 қазанда Павлодар облысында тұман күтіледі
Фото: Константин Шелков

Түнде облыстың оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше,  облыстың солтүстік жартысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі секундына 7-12 метр, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20  метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде 0-5 градус салқын, облыстың оңтүстігінде 3 градус, күндіз 6-11 градус жылы болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде тұман түседі.   

Ауа температурасы түнде 1-3 градус салқын, күндіз 8-10 градус жылы болады.