Орманға кеткен: Павлодарда әйелдің өлімі бойынша тергеу басталды
Өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
– Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді, – деп нақтылады ведомствода.
Естеріңізге сала кетейік, хабар-ошарсыз кеткен адамның туысы «VITA» іздеу жүйелеріне жүгінген. Ол жоғалып кеткен әйелдің кішкентай ұлына қаңтар айында аутизм диагнозы қойылғанын және оның бұл фактіні қабылдай алмағанын айтқан. Бұдан кейін өзіне-өзі қол жұмсап, күйзеліске түскен. Өмір сүруге деген құлшынысы жоғалып, денсаулығы мен ұйқысы нашарлаған. 35 жастағы әйел адам бірнеше сағаттан кейін өлі күйінде табылды.