13 желтоқсанда Павлодар облысында аяз күшейеді

13 желтоқсанда Павлодар облысында аяз күшейеді
Фото: Константин Шелков

Облыс бойынша жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 13 желтоқсанда түнде аймақтың солтүстігінде термометр бағанасы -38°C дейін төмендейді.

Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды. 

Түнде температура -30...-35, облыстың солтүстігінде -38°C, күндіз 22-27 градус көрсетеді.

Павлодарда да аяз болады. Түнде -30...-32, күндіз -23°-25 ° C болады. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.